Түнгі жарықтандыру мәселесі «майшаммен қаралуда» | arainews.kz

Түнгі жарықтандыру мәселесі «майшаммен қаралуда»

226

Облыс орталығында түнгі жарықтандыру шамдарын электр қуатын үнемдейтін үлгілеріне ауыстыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 2 даңғыл мен 27 көшеде темір-бетон бағаналарды металл бағаналарға ауыстыру, светодиод шамдар орнату және кабельдерді жер астымен жүргізілуде, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Жұмыстар барысында қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшірілген.

Осылайша, Ы. Сүлейменов — Қ. Жалаири, Ы. Сүлейменов — Крупская, Балуан Шолақ — М. Мәметова, Абай — А. Сухамбаев, А. Сухамбаев — №5 орта мектеп алдындағы, Жамбыл — Сеңкібай, Төле би –«Хром зауыт» аялдамасы алдындағы бағдаршамдар жұмысы тоқтатылып, нәтижесі зерделенген. Аталған жұмыстардың қорытындысына сәйкес, Төле би – «Хром зауыт» аялдамасындағы бағдаршам іске қосылып, Абай даңғылы мен Петров көшесінің қиылысы маңындағы бағдаршам алынып тасталды. Сондай-ақ, 10 көше қиылысында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген.

Сонымен қатар, қала жолдарындағы ашық құдық мәселесін шешуге ден қойылуда. Бүгінгі таңда қалада барлық коммуналдық мекемелердің теңгерімінде  40 мыңнан аса ирригациялық, су, кәріз, байланыс, жылу құдықтары бар екен. Оларды тұрғындардың ұрлап,темір қалдықтарын қабылдау пунктеріне өткізуін тоқтату мақсатында темір құдық қақпақтары бетон мен пластмассадан жасалған қақпақтарға алмастырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.