Таразда «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда | arainews.kz

Таразда «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда

293

Тараз қаласында бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Астана қаласы тәжірибесі негізінде «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде бір типті дүңгіршектердің эскизі бекітіліп, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы  70 жер телімдері жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп, тағы 20 телімнің құжаттары рәсімделуде.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейте түсу мұратымен «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, кепілдендіру тетігі бойынша – 50 млн. теңгеге 1 жоба қаржыландырылған. «Береке 3» несиелендіру бағдарламасы бойынша 2019 жылдың бірінші жартысында 293,5 млн. теңгеге 7 жобаға қаражат берілген.

 Облыс орталығында, бұдан бөлек, заңсыз құрылыс жұмыстарымен күрес те қарқынды жүруде. Нәтижесінде, «қызыл сызық» ережесін бұзып, құрылыс жүргізген нысандарды анықтау жұмыстары қатаң бақылауға қойылған. 2018 жылы аталған нормаларға сай келмейтін 26 нысан анықталса, оның ішінде 5 нысан бойынша құжаттары соттың қарауына өткізілген. Бір нысан сот шешімімен бұзылуы қажет деп танылып, 4 нысанның иелері өз еркімен заң бұзушылықпен салынған ғимараттардың бөлігін бұзып тастаған. Қала басшылығының хабарлауынша, бұл жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.