Тарихи орындармен танысты | arainews.kz

Тарихи орындармен танысты

174

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілді. Тұңғыш Президент мақалада аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымдарды білдіретін Елбасымыздың мақаласын жүзеге асыру мақсатында өңірімізде түрлі деңгейде шаралар ұйымдастырылып келеді.

Мәселен, жуырда шулық жастар «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атты жас туристер форумына қатысып, өткеннен сыр шертетін, екі мың жылдық тарихы бар қарт қаланың тарихи құндылықтармен танысып қайтты. Нақтырақ айтқанда, Тараз қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік фестиваль өткен болатын. Осы фестиваль аясындағы «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атты жас туристер форумына аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Болатжан Төлендиев пен маманы Жәнібек Иманбаев, №10 Шу колледжінің жастарымен жұмыс жасайтын инспектор А.Шалкинбекова аталмыш колледж білімгерлерін, Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің «Балалар-жасөспірімдер өлкетану және туризм» орталығының жас өлкетанушы үйірмесіне қатысатын оқушыларды үйірме жетекшісі Д.Джумабеков бастап апарып, қатысып қайтты.

Шара барысында жастар киелі орындарды аралап, тарихымен танысты. Арнайы тарихи орындарды таныстырушы гидтің ұйымдастыруымен өткен викториналық сұрақтарға білімгерлер мен оқушылар үлкен қызығушылықпен жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.

dalanews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.