Туған жерді өлеңге қосты | arainews.kz

Туған жерді өлеңге қосты

341

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы «Туған өлке туралы өлеңдер» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқусайысы өткізілді.

Сайыс өте қызықты, әрі жоғары деңгейде өткізілді. Төменгі сынып оқушылары қазақ халқының ақынлдарының өлеңдерін кезекпен-кезек жатқа оқып, өлеңді мәнеріне келтіріп айтып бере алды.

Оқу сайысының негізгі мақсаты ақындардың туған өлке туралы өлеңдерін балаларға жан-жақты түсіндіріп, өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамыту болып табылады. Сайысқа 30-дан аса оқушы қатыстырылып, дайындаған өлеңдерін кітапханада жатқа оқи білді. Туған өлке өлеңдері арқылы балалардың дүниетанымы кеңейеді дейді кітапхана қызметкерлері. Бұндай сайыстар кітапханада тұрақты түрде ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады дейді ұйымдастырылушылар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.