Талас ауданының әкімі ардагерлерді құттықтады | arainews.kz

Талас ауданының әкімі ардагерлерді құттықтады

219

Бүгінгі таңда Талас ауданы бойынша қан майданнан аман келіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан Ұлы Отан соғысының екі азаматы ғана көзі тірі. Тоқсанның төрі, жүздің саясына жақындаған Қаратау қаласының тұрғыны Бурулёва Мария Лаврентьевна мен Ойық ауылының тұрғыны Жұмахметов Дүйсенбай сынды қарияларды Жеңіс мерекесінің қарсаңында Талас ауданының әкімі Д.Алиев үйіне арнайы барып құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Ардагерлерді құттықтауда басқа да мекеме басшылары мен аталған қала, округ әкімдері болды.
Таластағы көзі тірі қалған 2 ардагер Ұлы Жеңістің 74-жылын, 1945 жылғы 9 мамыр Жеңіс күнін қарсы алғандай, биыл да мерекені зор қуанышпен қарсы алуға дайын екендіктерін айтып, егемен еліміздің одан әрі өркендеуі мен ел тыныштығының баянды болуын тілеп, ақ баталарын берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.