Қазақтың жері жұмақ қой — Нұрсұлтан Назарбаев | arainews.kz

Қазақтың жері жұмақ қой — Нұрсұлтан Назарбаев

160

«Иә, территориямыз кең, судың тапшылығы бар. Дегенмен, Қазақстанда жерасты судың қоры жеткілікті. Мәселен, бұрын бізде 1500 құдық болды. Сонда әрбір құдықтың жанында 10 мың бас малды өсіруге болады. Анау Израильді қараңызшы, осы елдің бұрынғы президенті, марқұм Шимон Перес айтып отыратын, 500 мың еврейді жинап алып, құмды әрі тастақ жерге жібердік деп. Қазір Израиль бізге жыл он екі ай құлпынайды жеткізіп отырады. Соның бәрін олар құмды жерде өсірді. Сулары жоқ болса да, Жерорта теңізінің суын ауыз суға айналдыруды үйренді. Сөйтіп, өндірістерін көтеріп алды. Оған қарағанда, біздің даламыз жұмақ қой», — деді Н.Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде.

Президенттің айтуынша, елімізде егіндік және жайылым жерлері жетерлік. Соның барлығын тиімді пайдаланып, ғылыми технологияларды енгізетін болсақ, әлем халықтарын асырай аламыз. Содан мол табыс табуға мүмкіндік бар.

«Сол себепті аграрлық кешен біз үшін маңызды мәселелердің бірі әрі бірегейі болып саналады. Біз осы салада өз брендтерімізді жасай аламыз. Ашық айтайын, қазір бір инвесторлар жер сұрап отыр. Соған Американың технологияларын енгізуге әзір. Мәселен, АҚШ-тың Дакота штатында бізден жеті есе артық өнім алып отыр. Ондай технологияларды өз жерімізде де енгізе аламыз ғой. Қазақстанда аграрлық кешен стратегиялық сала болып саналады. Болашақта аталған сала отандық экономиканың басты драйверіне айналуы әбден мүмкін», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгінгі шара барысында Президент ауылға барған жастардың жәрдемақысын көбейтуді тапсырды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.