РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ | arainews.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

222

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облысы Саясаткер әйелдер клубының төрайымы Гүлсін Орынбаева, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Самат Қалмахановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.