ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАР ЖАБЫҚ | arainews.kz

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАР ЖАБЫҚ

699

Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар көлік жолдары жабылды. «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның мәліметі бойынша 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жауын және көктайғаққа байланысты Алматы облысында республикалық маңызды Алматы-Шелек- Қорғас жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ Үшарал-Достық (83-184 км, с. Көктума — ст. Достық) бағыттарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысында 16 қаңтар сағат 19:30-дан бастап көктайғаққа байланысты «Алматы — Екатеринбург» (637-489 км, Балқаш қаласы — Жамбыл облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Жамбыл облысында 16 қаңтар сағат 19:35-тен бастап Қарағанды облысындағы көктайғаққа байланысты «Алматы — Екатеринбург» (343-490 км, Бурылбайтал — Қарағанды облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап көктайғаққа байланысты «Өскемен — Шемонаих- РФ шекарасы» (15-102 км, Глубокое — Шемонаиха қаласы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды. Осы категория бойынша: « БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды

 24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.