Алматыда телеарна ғимаратында бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды | arainews.kz

Алматыда телеарна ғимаратында бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды

836

Алматыда Республика алаңында орналасқан ғимаратта бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды.

Полициядағылардың мәліметінше, телеарна редакциясы мен тағы басқа БАҚ өкілдері орналасқан ғимараттан 600 адам эвакуацияланды. Сағат 12.45-те белгісіз біреу ғимаратта «бомба жатқаны» жайлы хабарлаған. Нысанды тексеру жұмыстары сағат 13.35-ке дейін жүргізілген. Іздестіру шараларына жеке құрамнан шамамен 30 адам қатысқан.
«Ер адамның аты-жөні анықталды. Ол осыған дейін қарақшылық шабуыл үшін сотты болған», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Осы бапқа сәйкес, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.