Жолдар сапасы жыл өткен сайын жақсаруда | arainews.kz

Жолдар сапасы жыл өткен сайын жақсаруда

213

Талас ауданындағы автокөлік жолдарының сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жалпы, аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар. Бүгінде аталған жолдардың тозығы жеткен аумақтарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүруде.

– Аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 451 млн. 605 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қасқабұлақ ауылына кіре беріс» 12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 134 млн. 824 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты облыстық мәндегі «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 305 млн. 952 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» 19,62 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 138 млн. 461 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, ауылдық округтер бойынша 744 млн. 438 мың теңге және Қаратау қаласы бойынша 404 млн. 538 мың теңге, барлығы 1 млрд. 148 млн. 976 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, – дейді Аудан әкімі Д. Алиев.

Аудан орталығы Қаратау қаласында қоғамдық көлік жүргізу мәселесі ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген болатын. Жан-жақты саралау мен ұйымдастыру шараларының нәтижесінде 2018 жылдың сәуір айынан бастап 2 маршрутта №1, №3 автобустар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы үшінші маршрутты қосу жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.