«Жігіттер өздері секілді қарапайым қыздармен кездескісі келмейді» – Диана Қырықбай | arainews.kz

«Жігіттер өздері секілді қарапайым қыздармен кездескісі келмейді» – Диана Қырықбай

17 276

Тележүргізуші Диана Қырықбай өзіне сезімін білдіретін жігіттер туралы айтты. Оның айтуынша, жігіт өз деңгейіндегі қыздарға қарауы керек. Өйткені «тең теңімен, тезек қабымен» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбаты барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Онымен қоймай, тележүргізуші ай сайын бет күтіміне қанша теңге жұмсайтынын жайып салды.

Бұған дейін «Жігіттер, маған ақшаларыңыз жетпейді» деп елді біраз шулатқан ол, енді кейбір жігіттердің автобуспен жүретін қыздарды жақтырмайтынын жеткізді.

«Бір жігіт «Сіз маған ұнайсыз. Жалақым 200 мың теңге. Бірақ сізге махаббатымды ғана бере аламын» дейді. Айналайын-ау, 200 мың теңгемен қалай өмір сүруге болады? Менің бет күтімімнің өзі 2 миллион теңге тұрмай ма? Сонда ақшаны қалай таппақ? Олар өздері секілді қарапайым қыздармен кездескісі келмейді. «Олар автобуспен жүреді, беттері безеу-безеу, тістері қисық» деп жақтырмайды. Егер әдемі қыз керек болса, ақша табыңыз. Кез келген қызға инвестиция салу арқылы әдемі қылуға болады», – деді ол.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.