Жерорта теңізінде 100 мигрант құтқарылды | arainews.kz

Жерорта теңізінде 100 мигрант құтқарылды

155

Мальтаның қарулы күштері Жерорта теңізін қайықпен жүзіп өтпекші болған 100 мигрантты құтқарды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, су көлігінде қайтыс болған 2 босқынның денесі табылды. Айта кету керек, осыған дейін Италия құтқарушылары Мальта территориясына кіретін аймақта 170-тен аса мигрантты аман алып қалған болатын. Алайда ресми Валетта оларға өз жеріне аяқ басуына рұқсат бермеді.  Себебі Мальта билігі «қайықтағы мигранттар өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ, тек Италия тарапы африкалықтарды өз территориясына қарай өтіп кетпесін деп осындай жағдайды әдейі жасап отыр» деп шешті. Осы жайттан кейін Италия сыртқы істер министрі «Еуропалық кеңес елдері Жерорта теңізінде құтқарылған мигранттарды сәйкесінше қабылдамай отыр» деп шағымданды. Ал вице-министр Мальта билігінің босқындарға қарым-қатынасына байланысты тергеу жұмыстарын бастау керек екенін алға тартты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.