Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде қандай құжат тапсыру қажет? | arainews.kz

Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде қандай құжат тапсыру қажет?

86

Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде, жер учаскесіне актіні дайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш.

  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).

  3. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме.

  4. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі.

  5. Жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде).

  6. Уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы.

  7. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

 

Ә. Ерғара,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және

жер кадастры бөлімінің бас маман – жерге орналастырушы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.