Жер сілкінісінен ес жия алмай жатқан Индонезияда жанартау атқылады | arainews.kz

Жер сілкінісінен ес жия алмай жатқан Индонезияда жанартау атқылады

358

Сәрсенбі күні жер сілкінісі мен цунами салдарынан зардап шеккен Индонезияның Сулавеси аралында жанартау атқылады.

Оның мәліметтерінше, аралда орналасқан жанартаулардың бірінің атқылауынан аспанға көтерілген күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткен.

28 қыркүйек күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біреуінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, дүлей апат салдарынан 1234 адам қаза тапқан, тағы жүзге жуығы із- түссіз жоғалды, жүздеген адам жарақат алған. Табиғи апат салдарынан 60 мыңнан астам жергілікті тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.