Жеңімпазбен жүздесу | arainews.kz

Жеңімпазбен жүздесу

141

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» тақырыбымен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровпен кездесу өтті.

Басқосудың негізгі мақсаты студенттерге облыстан шыққан «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазын дәріптеп, жастарды еңбексүйгіштікке баулу және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Кездесу барысында Ақжүрек өзінің спортқа 10 жасынан бастап келгендігін, бүгінгі биігіне адал еңбек, маңдай термен жеткенін айтып, спорттық жолындағы қиын да, қызықты сәттерімен бөлісті.
Өз кезегінде студенттер мемлекет мақтаны­шына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық форматта әңгіме өрбітті.
Тағылымды басқосуды қорытындылаған колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саят Нұржанұлы Ақжүрекке өзі білім алған оқу орнының жастарымен мазмұнды әңгіме жүргізгеніне алғысын айтып, толағайдың ізін басар таланттардың көптеп шығуына тілектестік білдірді.
Шара соңында студенттер жамбылдық жампозбен естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды.

Алмас Құрбанов,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.