Жемқорлыққа жол жоқ | arainews.kz

Жемқорлыққа жол жоқ

296

Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының «Бродкастинг залында» «Қоғамда жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сай ұйымдастырылған басқосудың басты мақсаты облыс жастарына жемқорлық сипатындағы қылмыстың зардабын түсіндіру болып табылады.
Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменттерінің өкілдері қатысты.
Кездесуде алғашқылардың бірі болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, отставкадағы судья А.Даймурзаев жетекші партияның өңірдегі филиалымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Ал, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Д.Омаров «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жастар арасында жемқорлыққа қарсы күрес шараларын ұйымдастырудағы жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басқарма басшысының орынбасары Д.Жамалақов жемқорлық әрекеттерге жол бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жөнінде сөз қозғады.
Жиын соңында жастар құқық қорғау органдары өкілдеріне сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.