Желіде қолға түсіп қалған барымташылар бейнеленген бейнежазба тарап жатыр (ВИДЕО) | arainews.kz

Желіде қолға түсіп қалған барымташылар бейнеленген бейнежазба тарап жатыр (ВИДЕО)

462

Ғаламтор желісінде қолға түсіп қалған барымташылар бейнеленген бейнежазба тарап жатыр. Әуесқой түсірілім жасаған азаматтар қолға түскендердің мал ұрлығымен айналысатынын айтады. Ал ұсталғандар өздерінің Мойынқұм ауданының тумасы екенін және қылмысты бірігіп жасағандарын мойындаған. Сондай-ақ, ұрланған малды сойып, ет комбинатына өткізуді жоспарлағандарын да жасырмай отыр.

Қазіргі уақытта аталған бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы кең тарап, қызу талқыланып жатыр. Ал, облыстық ІІД қызметкерлері оқиғаға байланысты ресми жауаптың түстен кейін берілетінін мәлімдеді.

Ескерту: Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.