Жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысында Жамбыл облысы командасы 2 орын иеленді | arainews.kz

Жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысында Жамбыл облысы командасы 2 орын иеленді

900

Жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысында Жамбыл облысы командасы 2 орын иеленді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада Қазақстанның барлық өңірлерінің және Литва командаларының қатысуымен өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысы қорытындыланды.

Еліміздің ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы Ақмола облысының командасы болды. Екінші орынға Жамбыл облысының командасы ие болды. Үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.

Жарыстың жеңімпаздарын құттықтап сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарысын өткізу көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар барысында, төтенше жағдайлар туындаған кезде алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын оқытуға, Қазақстанда симуляциялық білім беру саласында, медицинадағы шұғыл жағдайлар кезінде ең үздік тәжирибені енгізуге, жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыруға, командада тиімді жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.