Жазасын өтеушілердің денсаулығы – бақылауда | arainews.kz

Жазасын өтеушілердің денсаулығы – бақылауда

202

Қазақстан Республикасының әр азаматы тегін медициналық тексерістен өтуге құқылы. Бұл қатардан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар толықтай дәрігерлердің қарауынан өтті.

Сотталғандардың денсаулық жағдайын қарауға Тараз қалалық №5 емхананың бас дәрігері Д. Сәрсенованың бастамасымен невропатолог А. Фазыл және эндокринолог Э. Көмекова келіп, жазасын өтеушілерді тексерістен өткізді. Аталған шара мекме медицина бөлімінің бастығы Гүлшат Медетбекованың толық бақылауымен жүргізілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.