Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Жастар-жасампаздық бастауы!» атты жастар жылын қортындылауға бағытталған ауқымды форум өтті.
Жастар форумын аудан әкімінің орынбасары, Қадірбек Садубаев құттықтау сөзімен ашып берді.
Форум барысында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде әр сала бойынша жетістікке жеткен, Талас ауданының белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жастар форумында №1-мектеп лицейдің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Игорь Закира, жас айтыскер ақын Нұржан Жексенбекұлы, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен параданса би түрінен жүлдегер атанған Айгүл Мұсаева өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, аудан жұртшылығына өз алғыстарын айта кетті. Іс-шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.