Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллингтің алдын алу мәселесі қаралды | arainews.kz

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллингтің алдын алу мәселесі қаралды

59

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кезекті басқосуда Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллингтің таралуы мен жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу мәселесі қаралды.
Шараға партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Гульзира Дарибаева, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Сауле Конкашева, Жамбыл облысы Полиция Департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Алишер Калышев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар қатысты.
Айта кетерлігі, білім басқармасы тарапынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллингтің таралуы болдырмауы үшін Жол картасы әзірленген. Ол бойынша арнайы телеграм каналы да ашылып, білім ошақтарында «QR» кодтар орналастырылыпты. Бүгінде бұл жұмыс нәтижесін беріп, оқушылар өтініштерін қалдырып та үлгерген. Сол арқылы білім, жергілікті полиция бөлімдері мен прокуратура жұмыс жасауда. Арнайы желі арқылы әлеуметтік желі арқылы әлімжеттік танытатын басбұзарлар мен жайсыз отбасылар да анықталған.
Ғаламтордағы бопсалау, қудалау, үркітіп-қорқыту сынды әрекеттердің соңы суицидке әкеліп соқтыруы мүмкін. Ағымдағы жылдың 7 айында жасөспірімдер арасындағы суицидтің 8 жағдайы тіркелген. Бұл әрине ойланарлық жағдай. Бесіктен белі шықпаған, өмірдің ащысы мен тұщысын түсінбей, болар-болмашы дүниеге өмірден баз кешіп жатқан жасөсіпірімдердің ісіне барша қоғам жауапты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.