Жас мамандармен жұмыс – басты назарда | arainews.kz

Жас мамандармен жұмыс – басты назарда

215

Ішкі істер органдарында қызмет ететін әрбір азаматқа қойылатын талап жоғары. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің әкімшілігі кадрларды жұмысқа қабылдауға асқан мән береді. Бұл мақсатта олардың қызметтеріне кәсіби сәйкестігі, психологиялық даярлығы және тағы да басқа сапаларына нақты талдау жасалып, жас мамандарға тәжірибелі мамандардан тәлімгерлер тағайындалады.

Бұдан бөлек, жас қызметкерлерге ішкі істер органдарының алдына қойылған мақсаттарын ұғындыру, жас мамандарда патриоттық және адамгершілік, моральдық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Сондай шаралардың бірі жуырда 7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр – «Жеңіс күні» мерекелерінің қарсаңында өтті. Жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шарада Ауған соғысының ардагері Е. Ақжігітовтің қатысуымен «Ерлік сабақтары» ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және 2018 жылға арналған ішкі істер органдарының имиджін жоғарылату бағдарламасын іске асыру бойынша мекеменің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерелері және ардагерлерімен бірлесіп, мекеменің мәжіліс залында «Еңбек ерлікке бастайды» атты кездесу өткізілді.

Жиында мекеменің ардагерлері жас мамандарға ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен, Әдеп кодексімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылдар заңымен таныстырып, түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.

Айгүл Абдыбаева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

ЖД-158/2 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бастығы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.