Жас әрі жауапты қызметкерлердің ата-анасына алғыс білдірді | arainews.kz

Жас әрі жауапты қызметкерлердің ата-анасына алғыс білдірді

144

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің Алғыс айту күні ерекше аталып өтіледі. Бұл күні аталған мекемеде жыл сайын игілікті шаралар ұйымдастырылып, әртүрлі ұлт өкілдерінен құарлған ұжым мүшелері бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіретін.

Ал биыл өте терең мәні бар мерекеде басшы құрам мекеменің жас қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айтуды жөн санапты. Олар шуақты көктемнің алғашқы күні өздерінің сый-сяпатын дайындап, алғыс айтуға лайық адамдардың отбасына асыққан-ды. Бұл күні мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы әділет сержанты Мизам Бакиров және дәл осы бөлімнің аға бақылаушысы әділет сержанты Ермек Оразақұлдың ата-анасы шынайы алғысқа бөленді.

– 1 наурыз Алғыс айту күнінде мекемедегі жас әрі жауапты қызметкерлердің ата-анасына лайықты құрмет көрсетіп, оларға өз тарапымыздан шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келді. Себебі, олар бүгінде қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететін нағыз ержігіттерді тәрбиелеп өсірді. Сол себепті, біз олардың еңбегін жоғары бағалап, мерекелерімен арнайы құттықтауға келдік, – деді мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашева.

Өз кезегінде перзенттері арқылы қуанышқа кенелген ата-аналар қуанышты екендіктерін жеткізіп, облыстық ҚАЖ департаментінің сондай-ақ ЖД-158/5 мекемесінің басшы құрамына алғыстарын айтты.

Айнұр БАТЕЛОВА,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.