Жартылай финалға кімдердің өткені белгілі болды

107

«Тараз-Арена» спорт сарайында облыс әкімінің кубогы ширек финалдық ойындары өтіп, жартылай финалға жолдама алған барлық командалар анықталды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.

«Ақмешіт» пен «Түркістан» командалары арасындағы қызу ойын нәтижесінде 4:1 ұпайымен қызылордалықтар алға тартты. Сондай-ақ, үлкен залда ойын көрсеткен «Хабар» мен «Апорт» ойындары тартысты өтті. «Апорт» командасының жігіттері «Хабар» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

 Жартылай финалға үмітті ернияздық жігіттер пенальти сериясында жеңді. Ал, тараздық қос команда «Тараз-Пресс»-«Блогерлер» ойынында «Тараз-Пресс» 3:1 ұпайымен жартылай финалға өтті.

Келесі ойын командалар тізімі:

  1. «Ақмешіт» — «Апорт»
  2. «Тараз — Пресс» — «Ернияз»

Еске сала кетейік, 30 тамыз – Конституция күнінде Тараз төрінде облыс әкімінің кубогы журналистер арасында турнир өтетінін жариялаған болатынбыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.