«Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті | arainews.kz

«Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті

131

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен бірлесе отырып «Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа емле ережелері жобасын сараптау, талдау» мақсатында өткізілген семинар-кеңеске М.Х.Дулати ТарГУ, ТарМПУ және ТИГУ-дың лингвист-ғалымдары, мектеп мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында өңірдегі жоғары оқу орындарындағы лингвист-ғалымдар латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелерін сараптап, нәтижесі бойынша ұсыныс-талдамалар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолданатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.