Жаңа әрі тың бастамалар насихатталды | arainews.kz

Жаңа әрі тың бастамалар насихатталды

1 381

Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы орта мектепте және №10 Шу колледжінде  Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдаған Жолдауын және «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзін түсіндіру және насихаттау мақсатында кездесу жиыны өтті.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін  облыс әкімінің өкімімен арнайы ақпараттық түсіндіру тобы құрылған болатын. Ақпараттық топ қатарында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Шайхықызы Үскімбаева да болды. Ол жоғарыда аталған мектепте жалпы аудандағы білім беру мекемелерінің ұстаздары мен өзге де қызметкерлеріне және колледжге жиналған жастарға елімізде әлеуметтік салада жүзеге асырылғалы жатқан тың бастамалармен таныстырды. Мәселен, ол өз сөзінде бюджет саласында айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап 30 пайызға көтерілгелі жатқандығын мәлім етті. Одан бөлек, аудандық және облыстық деңгейдегі азаматтармен тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдар қызметкерлерінің еңбекақысын орта есеппен 25 пайызға көтеру жүктеліп, осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 980 млрд теңге бөлінетіндігін хабарлады.

Жиын барысында көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қандай көмек көрсетілетіндігі туралы сауалдар көп жолданды. Бұл сұрақтарға Дәмеш Шайхықызы аталған азаматтарды қолдау шараларын кеңейту бағытында Үкімет тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақы 21 мың теңгеге өсетін болады. Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде халық ары-бері шапқылап жүрмеуі үшін атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу барынша жеңіл түрде жүргізілуі қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың табысын есептеу барысында алып отырған басқа әлеуметтік жәрдемақылары саналмау қажеттігін айтқан болатын. Осы бойынша қазіргі таңда аудан көлемінде еріктілер тобы тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Дәмеш Шайхықызы «Жастар жылы» аясында орын алып жатқан жаңашылдықтарды да атап өтті. Мәселен, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы әзірленуде.Бұл бағдарлама арқылы «Бастау бизнес» жобасымен жас кәсіпкерлер оқытылып, олардың кәсіппен айналысуына толық жағдай жасалатын болады. Осы сынды жаңа әрі тың бастамаларды шулықтарға жан-жақты түсіндірген Д.Үскімбаева қойылған барлық сұраққа толыққанды жауаптар қайырды. Атап өтерлігі, дәл осындай түсіндіру жұмысы ауданның өзге де елді мекендерінде жүргізілді.

dalanews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.