Жамбылдықтардың 21,5 пайызын жастар құрайды | arainews.kz

Жамбылдықтардың 21,5 пайызын жастар құрайды

117

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтеннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мәди Мейірбекұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Өңірде жастар саясаты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік Тұжырымдамасы аясында іске асырылуда. Облыста 240 222 жас (қалада- 90 763, ауылдық елді мекенде- 149 459)бар. Жастар жалпы облыс халқының 21,5 пайызын құрайды.

2018 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн.теңге (2017 жылы- 571,5)қаржы қаралған. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 64,7 млн. теңгеге 26 бағытта (2017 жылы 34,5 млн. теңгеге 42 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.Жамбыл облысын дамыту (2016-2020 жылға дейінгі) бағдарламасында Жастар саясатына қатысты 2 индикаторлық көрсеткіш белгіленген. Біріншісі, «Жастардың жалпы санындағы NEET» (еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін) көрсеткішінің облыстық жоспары орындалды (2017 жылы- 10,7).Ағымдағы жылғы ІI тоқсандағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 9,2 пайызды (2017 жылы- 14,2) құрады. Өткен жылдың есепті кезеңінен 5 пайызға төмендеді. Жылдық жоспар- 8,5%. Екінші көрсеткіш, «Өңір жастарының мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі» 2017 жылғы жоспарлы 72,0 пайыздық меже әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша 76,6 пайызды құрады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.