Жамбылдықтар ең үздік ауылдық мәдениет үйін анықтайды | arainews.kz

Жамбылдықтар ең үздік ауылдық мәдениет үйін анықтайды

213

Үстіміздегі жылдың 22-26 қазан аралығында облыс аудандарында Облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі-2018» байқауы өтпек.

Байқау ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің келбетін жасау, клуб мекемелерінің дамуы мен сақталуына жергілікті басқару органдарының назарын аударуды мақсат етеді. Сондай-ақ, оның аясында клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайуына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін анықтау, жаңа идеялар мен инновацияны анықтау мәселелері шешімін таппақ.

Байқау кестесі:

22 қазан – Жуалы ауданы
(Қарабастау ауылдық мәдениет үйі, Жаңаталап ауылдық клубы)

23 қазан – Жамбыл ауданы
(Айша бибі ауылдық мәдениет үйі, Өрнек ауылдық клубы)

24 қазан – Талас ауданы
(Ақкөл ауылдық мәдениет үйі)

24 қазан – Сарысу ауданы
(Түркістан ауылдық клубы)

25 қазан – Мойынқұм ауданы
(Құмөзек ауылды клубы)

25 қазан – Қордай ауданы
(Әлжан ана ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Меркі ауданы
(Аққайнар ауылдық клубы)

26 қазан – Т.Рысқұлов ауданы
(Құмарық ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Байзақ ауданы
(Суханбай ауылдық клубы)

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.