Жамбылдық өнерпаздар Түркиядағы халықаралық фестивальге қатысуда

79

Еліміздің атынан Түркия Республикасында өтіп жатқан «Анадолу» фестиваліне аттанған жамбылдық делегация Анкара қаласының көрнекті орындарын аралады.

Делегация мүшелері алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылған ескерткішпен танысты.

Республикалық музейге бас сұғып Түркия мемлекетінің тарихына үңілген соң, Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Ататүрік мавзолейімен мұражайына ат басын бұрды. Мұнда Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген. 1938 жылы Ататүріктің бейіті Стамбул қаласынан осы жерге көшірілген екен. Музейден кемел басшының жерлеу рәсімінен түсірілген фотоларды тамашалауға болады.

Ары қарай этнографиялық музейге барған делегация түрік халқының мәдениеті, салт дәстүріне байланысты түрлі экспозициялармен, тұрмыстық заттармен танысты. Делегация сондай-ақ кофе жасау рәсімдерін тамашалады. Әдебиет бөлімінде алғашқы қаламдар, сия сауыттар, ескі қойын кітапшалар қойылған.

Ал бүгін, Жамбылдық делегация Анадолу ауданың мэрімен кездесіп, қазақы жоралғы бойынша өңір басшысына елден жеткізілген сый кәделерін табыстап, шапан жапты.

Фестиваль кеше салтанатты түрде ашылып, Шу аудандық «Әсем әуен» фольклорлық тобы өз өнерлерін түркиялық көрерменнің назарына ұсынып жатыр. Бүгін де салтанатты шара өзінің жалғасын тауып, қазақтың дәстүрлі әндері Түркияда шырқалмақ..

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.