Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері – республикалық турнирдің үздік ойыншылары | arainews.kz

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері – республикалық турнирдің үздік ойыншылары

2 426

Осы жылдың 14-19 мамыр күндері Павлодар қаласында ҚР Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында кіші футболдан турнир өткен болатын. Теңбіл доп додасына ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, комитетке қарасты департаменттер мен ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері қатысқан еді. Бас-аяғы 138 адамнан құралған 14 команда бақ сынаған бәсекеге Жамбыл облысынан да құрама аттанған.

Тартысты жарыс нәтижесінде жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері үздік ойын үлгісін көрсетіп, қос бірдей ойыншы арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, әулиеаталық жігіттер «Үздік сұрмерген» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша марапатталды.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев жамбылдық құраманың мүшелерін қабылдап, арнайы құттықтады. Сондай-ақ, «Үздік сұрмерген» атанған Ерғазы Төребеков пен «Үздік қақпашы» аталымын иеленген Нұрсұлтан Әбдірахмановтың жетістіктерін жоғары бағалап, жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.

Айта кетер жайт, аталған республикалық турнирге департаментке бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері – Абзал Жампозов пен Азамат Аденов те қатысып, облыс құрамасының жүйелі ойын өрнегін көрсетуіне сүбелі үлестерін қосты.

Кәмшат Әбдімомынова,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.