Жамбылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа білім ордалары бой көтеруде | arainews.kz

Жамбылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа білім ордалары бой көтеруде

13

Жамбыл облысында 2023 жылы облыста 7 жайлы мектептің құрылысы басталып, оның 3-еуі 2024 жылы пайдалануға берілді. Атап айтсақ. Байзақ ауданында 1 мектеп берілсе, Тараз қаласында Бәйтерек және Ұлы дала мөлтек аудандарында 2 мектеп оқушылар игілігіне берілді. Нәтижесінде Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінде үш ауысымда оқыту мәселесі шешілді.
Алдағы жылы бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, 2025 жылы тағы 4 мектептің құрылысы аяқталады. Бұл нысандар оқушыларға заманауи талаптарға сай жабдықталған, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын ұсынатын болады.
Бүгінде Жамбыл облысында 1 ғана үш ауысымды мектеп қалып отыр – Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы №7 орта мектеп. Мұнда оқушы санының артуына байланысты үш ауысымды оқыту жүйесі енгізілген. 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептің салынуы бұл мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, өңірде үш ауысымда оқыту тәжірибесі толығымен жойылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.