Жамбылда өткен қайырымдылық марафонына 600 адам қатысты | arainews.kz

Жамбылда өткен қайырымдылық марафонына 600 адам қатысты

223

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер және қала тұрғындары арасында салауатты өмір сүру салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттау, қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық марафоны өтті.
Қайырымдылық шарасына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев қатысты.
Тараз қаласы «Достық» алаңынан бастау алған іс-шараға 600-ге жуық адам қатысып, Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2400 метрге жүгіріп өтті. Жүгіру алдында әр қатысушы ерікті түрде қайырымдылық жарнасын төледі. Іс-шара соңында қатысушылар мен жеңімпаздар кубок және диплом қағаздарымен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.