Жамбылда бюджеттердің ашықтығы қамтамасыз етілді | arainews.kz

Жамбылда бюджеттердің ашықтығы қамтамасыз етілді

217

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.

2017 жылғы бюджеттің ашықтығына халықаралық шолуда Қазақстан бюджеттің ашықтығы индексінде 53 балмен «Шектеулі» деген деңгейде болған, салыстыра айтсақ, Грузия 82 балмен «Айтарлықтай ашық» деген деңгейде екенін көрсетті.
Мұндай жағдай мемлекет пен қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрғыда кері құбылыстарды тудырары сөзсіз. Сондықтан да, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске қосылып, мемлекет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі деп қарастырлып отыр.
Бүгінгі күні Департамент облыстағы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты байланыс орнату арқылы оларға бағынысты 900 мекеме (мектептер мен бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар, орталықтар т.с.с.) өз бюджеттері туралы мәліметтерді Картаға толық енгізді.
Карта арқылы, ата-аналардан негізсіз ақша жинау, көрсетілетін қызмет сапасын жоғарлату, бөлінген қаражат туралы ақпараттың қолжетімсіздігі, мемлекеттік мекемемен кері байланысының қиындығы, тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы байланыстың жабықтығы, жұмыстың аяқталу мерзімі мен көлемінің беймәлімдігі т.с.с. мәселелердің алдын алып, жоюға жол береді.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» арқылы қажетті мемлекеттік мекемелердің бюджеттерімен танысамыз десеңіздер, https://publicbudget.kz порталына кіріп, өз пікіріңізді немесе сауалыңызды қалдырсаңыз болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.