Жамбыл облысында Әкім Таразидің 85 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары басталды

Биыл белгілі жазушы Әкім Тарази 85-ке толады. Осыған орай, жамбылдықтар қаламгердің мерейтойын атап өтуге дайындықты бастап кетті, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Осы мақсатта бүгін облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әулиеата өңірінің зиялы қауым өкілдері Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында бас қосты. Жазушының өзі қатысқан басқосу еркін форматта, пікір алмасу түрінде өтті. Онда өңірдің ақын-жазушылары, журналистер мерейтойды атап өтуге қатысты ойларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Естеріңізге сала кетейік, Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін (1955), Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген.

Алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асуасу» (1970), «Қиянсоқпақ» (1976), «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездо на облаках» (1984), «Журавли журавушки» (1984), «Басынан Қаратаудың…» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть, әңгімелері, романдары жарияланды. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» романы жарық көрді. Сондайақ «Күлмейтін комедия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985), т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қарашқараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденінің иегері (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.