Жамбыл облысында мәдениет саласында ауыл тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 153 ауылдық округте ақпараттық орталық ашылды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты.
Аталған орталықтарда арнаулы сайт арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті ақпараттар беріледі. Атап айтқанда бұл орталықтардан тұрғындар білім беру, ауыл шаруашылығы, спорт, жұмысқа орналастыру салаларына қатысты сауалдарына жауабын тауып, мекенжай анықтамасын беру, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу , неке туралы өтініш беру сынды мемлекеттік қызметтерді ала алады.