Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес аумағымызда 1 наурыз-1 мамыр аралығы көктемгі тазалықтың екі айлығы болып бекітілгені белгілі. Осыған байланысты өткен сенбіде аудан тұрғындары санитарлық тазалық бойынша тиянақты тірліктер атқарды.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, сенбілікке аудан бойынша 2000 адам қатысып, 16 шақырым арық-каналдар, 110 шақырымды құрайтын көшелер тазаланып, 1750 ағаш көшеті отырғызылып, 57 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолының 517 шақырымында қурап қалған тал көшеттері жұлынып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ильяс Қалыбеков