Заңсыз құрылысқа жол жоқ | arainews.kz

Заңсыз құрылысқа жол жоқ

265

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қанат Айтқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, онда Қанат Оңғарұлы басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады.

Облыс аумағындағы құрылысы жүріп жатқан нысандардың заңдылығына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылап, қадағалап отыратын облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2018 жылдың 9 айы ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 198 хабарлама (оның 118-і – мемлекеттік, 80-і жекеменшік нысандар) қабылдаған. Сондай-ақ, басқарма мамандары жыл басынан бері барлығы 2546 хат пен жеке және заңды тұлғалардан түскен 146 арыз-шағым қараған.

– Облыс аумағындағы құрылысы салынып жатқан нысандарға барлығы 123 тексеру жұмыстары жүргізілсе, оның 79-ы жоспардан тыс, 44-і бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысаны бойынша. Бұзушылықтар анықталған объектілер бойынша 51 нұсқама беріліп, 112 әкімшілік-құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Тараз қаласында 1 нысан заңсыз салынғаны үшін сот шешімінің негізінде бұздырылды. Бұздыру үшін жыл басынан 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Оның ішінде, екеуін бұздыру туралы шешім шықса, 4 материал бойынша судьялар тек айыппұлмен шектелген, – деді Қ.Айтқұлов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 2 іс сот қарауында жатыр. Бұған қоса, басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыс істеуге мемлекеттік лицензия алуға ниет білдірген 178 өтініш қабылдапты.

Баспасөз мәслихаты соңында басқарма басшысы журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.