Заңсыз акцияларға жол бермеуге шақырамыз | arainews.kz

Заңсыз акцияларға жол бермеуге шақырамыз

45

Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттелетінін қала тұрғындарының назарына жеткіземіз. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органға хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру арқылы іске асырылады.
Тараз қаласының прокуратурасы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу үшін ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiрген жағдайда, – ҚР-ның Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Осыған байланысты, қала тұрғындарын заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға жол бермеуге шақырамыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.