Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы | arainews.kz

Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

133

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір жыл бұрын пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Адам денсаулығын қорғау, вирустан қорғану мақсатында қабылданған шешімнің бірі – вакцина егу.
1 ақпан күні Қазақстанда «COVID-19» індетіне қарсы жаппай вакцина егу басталды.
«Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», – деп атап айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Үндеуіне Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары да өз үлестерін қосуда.
Аудандық орталық ауруханада коронавирус індетіне қарсы екпе егу жұмысы, вакцинаның ке-луіне байланысты кезең-кезеңімен жү¬зеге асырылуда. Вак¬цина егудің екінші ке¬зеңінде жалпы білім бе¬ретін мектептердің педа¬гог¬тары қамтылды.
Әлихан Бөкейханов атын¬дағы орта мектептің дирек¬торы Нұргүл Төлен¬қызы мен бастауыш сынып мұғалімдері вакцина алушылардың алғашқыларының қатарынан табылып, І-ІІ кезеңнің коронавируске қарсы «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Вакцина алған педагогтарымыз өздерін қалыпты жағдайда сезінді. Ешқандай ауырсынулар мен жайсыз сезіну сезімдері байқалған жоқ.
Адамдар неғұрлым көп вакцина алатын болса, коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар саны көбейеді. Халықтың өлім-жітімі азайып, демографиялық өсуіне нұқсан келмейді. Яғни, ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез дамытсақ, соғұрлым тезірек ауданымыздың және бүкіл елдің тұрғындары арасында коронавирустың таралуын тоқтата аламыз. Вакцина егу – халықтың қалыпты, тыныш өмір сүруіне жол ашады.

Анар Сулейменова,
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.