Ұстаздың беделі – ұрпақтың беделі | arainews.kz

Ұстаздың беделі – ұрпақтың беделі

480

Дархан Есжанов, №3 Байзақ колледжі директорының орынбасары

Елбасымыздың кезекті Жолдауын бұған дейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарламалардың заңды жалғасы ретінде қабылдадым. Өйткені, мұнда ел экономикасының барлық саласы қамтылған. Сәйкесінше, жекелеген салалар бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында Үкімет пен Парламентке нақты тапсырмалар берілді.

Ұстаз ретінде Жолдаудағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған басымдықтарды зор ықыласпен қабылдадым. Шынында да, бәсеке кілті білімде екенін ұмытпауымыз керек. Елбасы бұл тұрғыда қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Әсіресе, мұғалімдер мәртебесінің асқақтайтындығы туралы мәлімдеме әріптестерімнің мерейін қазірдің өзінде асқақтатып жібергендей.

«Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын.

Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс» деді Президент.   Бұл қадам ұстаздардың беделін биіктетумен қатар білім сапасын арттыра түсетіндігі даусыз.

Елбасының келер жылды жастар жылы деп жариялануыны да құптарлық бастама. Жастар қамқорлық жасау арқылы олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы біз ел болашағының берік іргетасын қалаймыз. Ұстаз ретінде, жастарға тәлім-тәрбие беру ісін ұйымдастырушы ретінде мен бұл міндет жүгін абыройын атқаруға дайынмын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.