«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндірді | arainews.kz

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндірді

245

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Жамбыл ауданы, Қаракемер, Өрнек, Ерназар ауылдық округтарының ауылдық клубтарында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бағдарламалық мақаланың арнайы жобаларын түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Данияр Өмірбеков және «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы Олжабаев Асхат  шақырылып қатыстырылды. Іс-шара барысында бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалып, бағдарламаның толық жүзеге асуы үшін әлі де атқарылуы қажет қомақты жұмыстар түсіндірілді. Д.Маратұлы іс-шара қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарына толық әрі тиянақты жауап қатып, тұсіндіріп өтті.

Іс-шаралар барлық санитарлық шектеулерді негізге алу арқылы, арақашықты сақтай отырып қатысушылардың толық медициналық маскада қатысуын қамтамасыз етіп өткізілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.