Ұлттар лигасы: Іріктеу кезеңі мәреге жетті | arainews.kz

Ұлттар лигасы: Іріктеу кезеңі мәреге жетті

271

Футболдан Ұлттар лигасының іріктеу кезеңі аяқталды. Оған қатысқан ұлттық құрамалардың келер жолы қай лигада ойнайтыны толықтай белгілі болды.

Біз бұдан бұрын Ұлттар лигасының финалдық кезеңінде сынға түсетін құрамалардың анықталғаны жөнінде хабарлаған едік. Онда А лигасында өз топтарында бірінші орын алған Голландия, Швейцария, Португалия және Англия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Енді қай лигада кімдер жоғарылады және қайсысы төменгі лигаға түсіп қалғанын айта кетейік.

А лигасынан Германия, Исландия, Польша, Хорватия келесі Ұлттар лигасында В лигасында бақ сынайтын болды. Олардың орнын Украина, Швеция, Босния және Герцоговина, Дания құрамалары басты.

Ал В лигасынан С лигасына Словакия, Түркия, Солтүстік Ирландия, Ирландия құрамалары түссе, олардың орнына

С лигасынан Шотландия, Финляндия, Норвегия, Сербия құрамалары келді. С лигасынан Д лигасына Албания, Эстония, Словения, Литва құрамалары төмендесе, Д лигасында жеңімпаз болған Грузия, Беларусь, Косово, Македония құрамалары жоғарылады.

Бұдан бұрын Ұлттар лигасының талабы мен тәртібі жөнінде хабарлаған едік.

Қазақстан  құрамасы аталмыш доп додасының Д лигасы бірінші тобында сынға түсті. Барлығы 6 ойын өткізіп,  оның бірі жеңіспен аяқталды, үшеуінде тең нәтиже тіркелсе, екі ойында қарсыласына есе жіберді. Алғашқы турда өз алаңында Грузиядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін алдымен Андорра, сосын Латвиямен 1:1 есебімен тең нәтиже тіркелді. Ал төртінші турда елордада Андорраны 4:0 есебімен жеңгенімен, бесінші турда өз алаңында Латвиямен тағы да 1:1 есебімен тең түсті. Соңғы ойында сырт алаңда Грузияға 1:2 есебімен жол берді.

Ұлттар лигасы финалдық сатысының жеребесі үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанында тартылады. Жарыс жартылай финал, үшінші орын үшін сайыс және финалдан тұрады. Сондай-ақ, 2 желтоқсанда Ирландия астанасы — Дублин қаласында 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.