Түркиядан жеткен алғыс | arainews.kz

Түркиядан жеткен алғыс

203

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 4-10 күндері Түркия Республикасы­ның Анкара қаласында халықаралық Анадолу фестивалі өткен болатын. Айтулы шарада Қазақстан Республикасы атынан Шу аудандық «Әсем әуен» фольклорлық тобы өнер көрсетті. Түркі халықтарының рухани байланысын күшейту мақсатында өткен дәстүрлі фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия секілді бірқатар елдерден музыкалық және би ансамбльдері қатысты. Облысымыздан аттанған «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі 80 мыңға жуық көрерменнің алдында еліміздің бай мәдениетін, дәстүрлі өнерін паш етіп қайтты. Осыған орай Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы облыс әкімі Асқар Мырзахметовке арнайы алғысын жолдады.
«Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі атынан Сізге ыстық ықыласымды білдіре отырып, Астананың 20 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 2018
жылдың 4-10 қыркүйек күндері аралығында Анкара қаласында ұйымдастырылған халықаралық Анадолу фестивалінің жоғары деңгейде өткендігін хабарлаймын.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға ресми сапары қарсаңында өткен халықаралық маңызы бар шараға Жамбыл облысы, Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамблін ресми делегациямен бірге қатыстырып, қолдау білдіргеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Сонымен қатар, Түркияның белді басылымдары мен мәдениет­та­ну­шы­лар­дың «Әсем әуен» фольклорлық ансамблінің паш еткен өнерін жоғары бағалағанын шынайы ризашылықпен жеткіземін.
Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге және ұжымыңызға шығар­ма­шы­лық мол табыс тілеймін», – делінген алғыс хатта.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.