Тұрғындар тұрмысын түзеуге бағытталған жоба | arainews.kz

Тұрғындар тұрмысын түзеуге бағытталған жоба

207

Талас ауданында тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту мақсатында «Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану», «Мал шаруашылығын дамыту», «Ауыл сыртындағы жерлердің тиімділігін арттыру», «Кооперативтер құру» және «Шағын кәсіпкерлік жобаларды қолдау» жобалары жүзеге асуда. Халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бұл 5 бағыт бойынша ауданда 4 млрд. 415 млн. теңге құрайтын 1647 жоба әзірленген.

– Биылғы жылға Үшарал ауылдық округі пилоттық жобаға еніп, 626 млн. теңгеге 261 жобаға жеңілдетілген несиелер алуға жұмыстар атқарылуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобы 232 үйдің құжаттарын тексерді. Оларды түзетуге қатысты тиісті мекемелердің мамандары жергілікті жерде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, кооператив құру, жабдықтау бойынша 227 миллион 375 мың 239 теңгеге «Талас-2020» ауылшаруашылық кооперативі құрылды, – дейді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.