Тіл байлығы – әрбір әрбір ұлттың мақтанышы | arainews.kz

Тіл байлығы – әрбір әрбір ұлттың мақтанышы

54

Тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.
Қаңымызға сіңісті, жанымызға жұғысты ой – санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілетін, марқайып қанағаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай соз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толқынды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Ана тілі – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы! Ол – атадан балаға мирас болып қалатын, баға жетпес мұра. Баға жетпес мұрамызды дәріптеу, әр тіл жанашырының міндеті.
​Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір –қасиеті, тіл жанашырлары да аз ойландырып, аз толғандырып жүрген жоқ. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол –ұлтымыздың анасы» деген сөздер Қазақстан халықтарын басын біріктіруші ұйтқысы болуды меңзейді. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы!

А. Саулембекова, 
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.