Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының үшінші апталығы – «Жасыл аймақ» деп аталады. Яғни, апта бойына ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгін Жуалы ауданына қарасты Нұрлыкент ауылдық округінде арық-атыздарды күл қоқыстан тазалау, жол жиегіндегі ағаштарды ақтау, бағаналарды сырлау жұмыстары жүргізілді.