М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар легі басталды.
Бүгін жетекші тарихшы ғалымдар «Дулати мұралары және әлем руханияты» тақырыбындағы «Х Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бас қосты. Конференция жұмысына Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, ҚР Ғалымдар одағының Президенті Оразалы Сәбден, әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ профессоры Талас Омарбековпен бірге Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары да қатысуда.
Университеттің мерейтойлық шаралар екі күнге созылып, оның аясында «Университет шежіресі» монументі мен жаңа спорттық кешеннің ашылуы, жаңа студенттік жатақхананың алғашқы тасын қалау рәсімі жоспарлануда.