ТарМУ-де «Университет шежіресі» монументі ашылды | arainews.kz

ТарМУ-де «Университет шежіресі» монументі ашылды

394

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Университет мерейтойына арналған шаралардың екінші күнінде оқу ордасының технологиялық кешені ғимараты алдынан «Университет шежіресі» атты монумент ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова арнайы қатысып, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне ізгі тілегін арнады.

– Жақында ғана Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Елбасы білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру, педагогтердің мәртесін айқындау жайына ерекше тоқталды. Жоғары білім беру саласындағы басты жаңалық жоғары оқу орындарына «Назарбаев Университетінің» әдістемесі мен стандарттарын енгізу болғалы тұр. Осы мақсаттардың барлығы профессор-оқытушылар құрамына жаңа міндеттер жүктейді.

Өздеріңізге мәлім, Тараз мемлекеттік университеті өңірдегі бірнеше маман даярлаушы құрылымдардың бірігуі нәтижесінде құрылды. Бүгін ашылатын монумент университет табалдырығын аттаған 60 жылдық әрбір студентке оқу орнының тарихынан хабар беретін нысанға айналары сөзсіз. Баршаларыңызды 60 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын,– деді Гүлшара Наушақызы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.