Таразға Корей елінен ғалымдар келді | arainews.kz

Таразға Корей елінен ғалымдар келді

180

Тараз қаласына Корей  Республикасының Конен ғылым және техника университетінен делагаттар келді. Екі ел арасындағы ынтымақ пен өзара байланыстың ұйытқы болуына «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысық филиалы мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов арқау болған, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Бұл бастама Жастар жылы аясында қолға алынып отыр.  Корей елінен келген еріктілер әуелі Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне бас сұқты. Онда білім ордасының басшылығымен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиын барысында Конен университетінің профессолары мен студенттері Қазақстанға алғаш келгендегі әсерімен бөлісті. Қазақ халқының қонақжайлылығына ризашылықтарын білдіре отырып, өздерінің қазақтарға ұқсайтындығында жасырмады.

Қонақтар алдағы онкүндікте Жамбылда болып, қазақтың мәдениетімен етене таныса келе, жастарға корей тілін үйретпек. Осылайша еріктілер «Хомстей» жобасы аясында екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтуға ниетті. Жоба сәтті жүзеге асса алдағы уақытта  екі білім ордасы арасында ұзақ мерзімді келісім шарт жасау көзделуде. Кездесу соңында меймандостық ниетпен корейлік қонақтарға сый-сыяпат жасалды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.