Тараздықтарға «Járdem-109» желісі қызмет көрсетеді | arainews.kz

Тараздықтарға «Járdem-109» желісі қызмет көрсетеді

312

Тараз қаласында «Járdem-109» жедел көмек желісі іске қосылды. Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестірумен айналысады.

1000-нан астам қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық облыс орталығының тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсетеді. Мұнда 12 диспетчер жұмыс істеп, барлық мәліметтерге онлайн түрде мониторинг жасайды. Жедел желі қызметкерлері тұрғындардың өтінімдерін қабылдап, мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі. «Тараз қаласының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі» мекемесінің директоры Александр Необъявляющийдің айтуы бойынша, 12 диспетчер жұмыс істеп, барлық мәліметтерге онлайн түрде мониторинг жасайды.аталған әмбебап көмекші каталогіндегі қызметтерге оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі де беріледі екен.

– Қыркүйек айының 2-ші жұлдызында өз жұмысын бастаған коммуналдық мекемеге бүгінгі таңға дейін 276 өтініш түсті. Мекеменің басты мақсаты – Тараз қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету. Коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, жергілікті мемлекеттік қызметтер және әкімдіктің қызметіне байланысты басқа да мәселелер бойынша әртүрлі коммуникация құралдары арқылы Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдау басталып та кетті, – дейді Александр Необъявляющий.

Бірыңғай байланыс орталығы шұғыл қызметтерден басқа барлық сұрақтар бойынша «109» нөмірі арқылы хабарласуға болады, бұл халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады. Қоңырауды ұялы телефон арқылы шалсаңыз да болады. Барлығы тегін. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында тәжірибеден өткен.

Алдағы уақытта «109» қоңырау шалу нөмірінен басқа, «Facebook», «Telegram» және «WhatsApp» әлеуметтік желілері арқылы өтініш қабылдау жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.